Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
17:30, 23 Наурыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың екі облысында бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Қазақавтожол мекемесінен.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында «Ақтөбе-РФ шекарасы» жолының 85-135 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін, ал «Ақтөбе-РФ шекарасы» жолының 21-135 шақырымында жолаушылар және жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында да ауа райының қолайсыздығына орай «Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» автожолының 82-174 шақырымы, Жетіқара-РФ шекарасы учаскесі авткөліктердің барлық түрі үшін жабылды.