Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісінде министр Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде еңбекті қорғау саласының тәуекелдерін басқару жүйесін енгізу қолға алынған. Оның мән-мағынасы тек өндірісте орын алған қайғылы оқиғаларға әрекет ету емес, сонымен қатар қауіптерді ескертуге де негізделеді.
«Өткен жылы бұл жүйеге ірі және орта бизнестің 5182 кәсіпорны қосылды. Тексеру қорытындысы бойынша, тексерілген кәсіпорындардың жалпы санының 28 пайызы еңбек заңнамасын сақтау және өрескел бұзу салдарынан тәуекелдің жоғары деңгейіне, ұйымдардың 41 пайызы тәуекелдің орташа деңгейіне және 31 тәуекелдің төменгі деңгейіне жатқызылды», - деді ол.
Сонымен қатар министр ағымдағы жылы кәсіпорындарды қадағалау барысында бірінші топқа жатқызылған мекемелерге ерекше назар аударылатындығын баса айтты.