Онда Қазақстан намысын ерлер арасында да, әйелдер арасында да 7 салмақ дәрежесі бойынша он-оннан балуан қорғауда. Кеше әйелдер күресінен 51 келідегі Гүлмира Ысқақова мен Айжан Ысмағұлова, 59 келідегі Меруерт Дынбаева мен Жулия Сатымбекова және 67 келідегі Татьяна Захарова, ал еркін күрестен Ғабит Төлепбай, Еркебала Тұрғанбаев (55 кг) және Ақжүрек Таңатаров (74 кг) белдесулер өткізді. Алайда олардың ешқайсысы да қазақстандық жанкүйерлерлерді қуантатындай жақсы нәтиже көрсете алмады.
Бүгін енді ерлерден Дәурен Әшіров (60 кг) және Азамат Өміржанов пен Самат Омаров (66 кг). Әйелдер күресінде Элеонара Әбутәліпова, Жұлдыз Әшімова (48 кг), Айым Әбілдина (55 кг), Ольга Калингина (63 кг) мен Эльмира Сыздықова (72 кг) сынға түседі. Арғы күні еркін күресшілер арасында 96 және 120 келідегі балуандардың жарысы өтеді. Онда ел намысын 96 келіде Жұмағали Мамутов пен Ғани Ізмағамбетов, ал ең ауыр салмақта Ержан Дүйсенбеков қорғайтын болады. Жалпы бұл дүбірлі додада әр салмақ дәрежесі бойынша үздік сегіздіктің қатарына енгендер Бакуде өтетін ақтық Голден Гран-при турнирінде белдесуге мүмкіндік алады.
19:02, 29 Қаңтар 2011
Еліміздің еркін күрес шеберлері Иван Ярыгин турнирінде бақ сынауда
АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Красноярскіде еркін және әйелдер күресінен Иван Ярыгин атындағы Голден Гранд- При турнирі өтіп жатыр