Аталған госпиталь баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекемеге ақ халатты абзал жандарды меркелерімен құттықтау мақсатында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдері мен «Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің» мүшелері арнайы келді. Еңбегімен ерекшеленген дәрігерлер Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жиын соңында Меруерт Түсіпбаева, Дәурен Сейітжан, Мұрат Тоқашбаев, «Денар» тобы секілді эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.
Іргесі өткен ғасырдың қырқыншы жылдары қаланған госпитальде бүгін Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен ауған соғысына қатысқандар, чернобльдіктер, Семей полигонының зардабын тартқандар ем-дом алады.