деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Фармацевтика саласындағы жалпы мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық өнімнің мөлшері 10 пайызға әрең жетеді. Яғни, еліміздің фармацевтикалық нарығының 90 пайызы импорттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Нарықтың ерекшелігін ескере келе, сондай-ақ жыл сайын мемлекет тарапынан айтарлықтай қомақты қаржы бөлінетіндіктен былтырғы жылы Үкімет дәрі-дәрмекті сатып алуды орталықтандыру туралы шешім қабылдап, бірыңғай дистрибютер жүйесі енгізілген болатын. Осыған орай, «Самұрық-Қазына Фармация» компаниясы отандық фармацевтика саласын дамытуға қатысты нақты міндеттерді атқаратын болады. Бұл ретте ең алдымен қазақстандық қамту деңгейін арттыру көзделуде», деді В. Зверьков.
Оның айтуынша, орталықтандыру жүйесіне қатысты халықаралық тәжірибелер де кеңінен тараған. Мәселен, Германия мен Францияда әлеуметтік пакет бойынша мемлекет тарапынан дәрі-дәрмектер сатып алумен тек екі компания ғана айналысады. Ал Ұлыбритания мен Малайзияда бұл қызметті бір ғана компания атқарып келеді. «Бірыңғай дистрибютерге қатысты малайзиялық тәжірибе Қазақстанда жүзеге асып отыр. Жалпы, бұндай бірыңғай дистрибютер бойынша жұмыс нәтижелері алғашқы жылдың өзінде-ақ тиімділігін көрсетті», деді Бас директор.