Бұл жайында Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығы бойынша 2-курс PhD докторанты Гүлнұр Әлімбекова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Г. Әлімбекова Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің PhD докторанттары «Ғылым туралы заңды» өзара талдап, оның пайдалы екендігіне көз жеткізгендіктерін айтады.
«Еліміздің ғылымын жақсарту туралы қабылданған заң PhD бағдарламасы үшін өте маңызды. Біз шетелдің ЖОО орындарынан білім алмасып, іс-тәжірибеден өтеміз. Нәтижесінде әлемдегі озық елдер ЖОО-ларының дипломын алуға мүмкіндік ашылады», -дейді докторант.