Еліміздің интелектуальдық меншік құқығы туралы заңын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруіміз керек - Елбасы
11:57, 01 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Еліміздің интелектуальдық меншік құқығы туралы заңын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруіміз керек. Бұл туралы бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елбасының айтуынша, сонымен қатар нотариат туралы заңды жаңалау қажет. Ол заң азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңнамалық мүдделерін қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады. «Сондай-ақ Парламент 2010 жылдың бюджетіне енгізілетін өзгерістерді қабылдауы және еліміздің 2011 жылға арналған бюджетін қабылдауы тиіс», деді Президент.