Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс көп жасалады – Қазақстандағы ахуалға талдау

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 7 ай ішінде еліміздің аумағында 85 мыңнан аса қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен мәлімдегендей, 85 мыңнан астам қылмыс 32 998 күдіктінің қолымен жасалған.


«Биыл 7 айда 85 889 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға аз. Былтыр осы аралықта 102 043 қылмыс тіркелді. Ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматы қаласында (16 092), Астанада (10 776), Шымкентте (44 166), Алматы (6 257), Қарағанды (5 439) және Қостанай (3 724) облыстарында тіркелді», - делінген комитет ұсынған деректерде.

Ведомство ақпаратына қарағанда, тіркелген қылмыс түрлері бойынша динамика келесідей:

- Кісі өлтіру – 261 іс (2022 жылы 356 іс тіркелген);

- Ұрлық – 27 652 іс (2022 жылы 38 428 іс тіркелген);

- Алаяқтық – 24 915 іс (2022 жылы 25 745 іс тіркелген);

- Тонау – 1 304 іс (2022 жылы 1 544 іс тіркелген);

- Қарақшылық – 80 іс (2022 жылы 110 іс тіркелген);

- Бұзақылық – 1013 іс (2022 жылы 1 651 іс тіркелген);

- Бопсалау – 305 іс (2022 жылы 245 іс тіркелген, өсім 24,5%);

- Зорлау – 302 іс (2022 жылы 397 іс тіркелген);

- Есірткіге байланысты қылмыстар – 4 461 іс (2022 жылы 4 232 іс тіркелген, өсім 5,4%).

Яғни, 2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда биыл тіркелген қылмыстар санының кемігені байқалады. Дегенмен бопсалау және есірткі қылмыстарының саны артып отыр.

«Биыл 7 айдың ішінде аса ауыр - 1 417 (былтыр 1 543), ауыр - 22 827 (былтыр 27 469), орташа ауыр – 35 344 (былтыр 43 513), ауыр емес санаттағы 13 744 (былтыр 15 546) қылмыс тіркелді», - деп жазылған Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректерінде.

Тіркелген қылмыстарды өңірлер бөлінісінде талдап көрсек. Мәселен, кісі өлімі Алматы қаласы, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жиі тіркелсе, ең азы Қызылордада. Жалпы, аймақтар бойынша көрсеткіш мынадай:

1. Астана – 11 іс;

2. Алматы - 27 іс;

3. Шымкент - 9 іс;

4. Абай облысы - 7 іс;

5. Ақмола облысы - 15 іс;

6. Ақтөбе облысы - 9 іс;

7. Алматы облысы - 27 іс;

8. Атырау облысы - 10 іс;

9. Шығыс Қазақстан облысы - 19 іс;

10. Жамбыл облысы - 17 іс;

11. Жетісу облысы - 11 іс;

12. Батыс Қазақстан облысы - 10 іс;

13. Қарағанды облысы - 13 іс;

14. Қостанай облысы - 18 іс;

15. Қызылорда облысы - 4 іс;

16. Маңғыстау облысы - 5 іс;

17. Павлодар облысы - 20 іс;

18. Солтүстік Қазақстан облысы - 6 іс;

19. Түркістан облысы - 13 іс;

20. Ұлытау облысы - 9 іс.

Ал 7 ай ішінде еліміз бойынша 24 915 алаяқтық қылмыс тіркелген. Аталған қылмыс түрі көп жасалған өңірлер көшін Алматы қаласы бастап тұр. Одан кейін Астана, Шымкент және Қарағанды облыстары бар.


1. Астана – 4 172 іс;

2. Алматы - 4 988 іс;

3. Шымкент - 1 564 іс;

4. Абай облысы - 998 іс;

5. Ақмола облысы - 695 іс;

6. Ақтөбе облысы - 1 065 іс;

7. Алматы облысы - 1 351 іс;

8. Атырау облысы - 1 094 іс;

9. Шығыс Қазақстан облысы - 889 іс;

10. Жамбыл облысы - 570 іс;

11. Жетісу облысы - 575 іс;

12. Батыс Қазақстан облысы - 513 іс;

13. Қарағанды облысы - 1 741 іс;

14. Қостанай облысы - 1 052 іс;

15. Қызылорда облысы - 474 іс;

16. Маңғыстау облысы - 523 іс;

17. Павлодар облысы - 896 іс;

18. Солтүстік Қазақстан облысы - 547 іс;

19. Түркістан облысы - 865 іс;

20. Ұлытау облысы - 223 іс.

Сондай-ақ, тіркелген зорлау қылмыстарының саны бойынша да Алматы қаласы мен облысы тізім басында. Одан кейін Астана және Түркістан облысы тұр:


1. Астана – 20 іс;

2. Алматы - 38 іс;

3. Шымкент – 12 іс;

4. Абай облысы - 19 іс;

5. Ақмола облысы - 9 іс;

6. Ақтөбе облысы – 9 іс;

7. Алматы облысы – 39 іс;

8. Атырау облысы – 12 іс;

9. Шығыс Қазақстан облысы - 15 іс;

10. Жамбыл облысы - 11 іс;

11. Жетісу облысы - 14 іс;

12. Батыс Қазақстан облысы - 7 іс;

13. Қарағанды облысы - 12 іс;

14. Қостанай облысы - 14 іс;

15. Қызылорда облысы - 8 іс;

16. Маңғыстау облысы - 10 іс;

17. Павлодар облысы - 13 іс;

18. Солтүстік Қазақстан облысы - 8 іс;

19. Түркістан облысы - 20 іс;

20. Ұлытау облысы - 6 іс.

Жалпы, ұрлық, тонау, қарақшылық, кісі өлімі және зорлау қылмыстары бойынша төмендеу динамикасы бар. Алайда, есірткі қылмыстары артып барады. 7 айда ел өңірлерінде тіркелген осындай қылмыстар саны келесідей:


1. Астана – 580 іс;

2. Алматы – 467 іс;

3. Шымкент – 330 іс;

4. Абай облысы - 127 іс;

5. Ақмола облысы - 161 іс;

6. Ақтөбе облысы – 133 іс;

7. Алматы облысы – 138 іс;

8. Атырау облысы – 79 іс;

9. Шығыс Қазақстан облысы - 184 іс;

10. Жамбыл облысы - 349 іс;

11. Жетісу облысы - 128 іс;

12. Батыс Қазақстан облысы - 180 іс;

13. Қарағанды облысы - 211 іс;

14. Қостанай облысы - 212 іс;

15. Қызылорда облысы - 146 іс;

16. Маңғыстау облысы - 206 іс;

17. Павлодар облысы - 133 іс;

18. Солтүстік Қазақстан облысы - 146 іс;

19. Түркістан облысы - 277 іс;

20. Ұлытау облысы - 35 іс.

Биыл жырты жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан аумағында 32 998 адам қылмыс жасады деген күдікке ілікті. Былтыр сәйкес кезеңде 35 368 адам заңға қайшы әрекетке барған еді. Оның ішінде Алматы облысы, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары көп.