Бұл туралы бүгін Кедендік бақылау органдарының 9 айда атқарған жұмыстарына байланысты журналистермен болған брифингте Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау коммитетінің Кедендік кірістер басқармасы бастығының орынбасары Айнагүл Илиясова мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, кеден органдарының өкілдері алдын ала жоспарланған соманы 110,1 пайызға орындады. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, бюджетке 60,2 миллиард теңге артық түсті. Сондай-ақ кедендік алымдар мен салықтардың 1 кеден қызметкеріне шаққандағы жылдық өлшемі 113,3 миллион теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1 есеге немесе 13,3 миллион теңгеге көп.