«Облысымыздағы 889 сайлау учаскесінің барлығы тиісінше дайындалып, маңызды науқанды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық жан-жақты ақпараттандырылып, мемлекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда. Өңірімізге ТМД-да, ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардан бақылаушылар арнайы келіп, сайлаудың барысына бақылау жүргізуде. Еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәт туды. Баршаңызды белсенді болуға шақырамын», -деді Өмірзақ Шөкеев.
Қазіргі таңда рухани шаһарда 49 сайлау учаскесі жаңа мемлекет басшысын таңдауға атсалысуда.