Еліміздің кей аймақтарында қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде суық ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік, шығыс және орталық облыстарда жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5º градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында жаңбыр жаууы ықтимал. Таулы аудандарда 22 мамырда қарлы жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде 2... 10º, күндіз 15... 25º жетеді. Ал батыс облыстарда жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Ауа температурасы осы мезгілге тән температурадан 7-11º жоғары болады.