Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл аралас желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде желдң күші 15-20 м/с, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қостанай, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 0-2 градусқа дейін қатқақ болады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыс аймақтардағы тау өзендерінде гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер болмайды.