Бас прокуратура таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы аптап ыстықтың зардабы ауыл шаруашылығына ғана тиіп қойған жоқ. Ми қайнатып, бас айналдырған күннің қызуынан қан қысымы жоғары адамдар мен жүрегінің дерті бар науқастар далаға шығудан қалды. Бұл, әсіресе, жазғы демалысын елді мекендерде өткізетін балалардың ата-аналары үшін қиындық тудырды. Күннің ыстығыннан қашып, өзен мен көлдерге шомылуға кететін жеткіншектердің қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналары балаларынан көз жазып қалмау үшін, білім беру мекемелерінің жанынан ашылған лагерлерге беруде. Алайда, сол мектеп жанынан ашылған лагерлердың жағдайының өзі алаңдаушылық тудыруда.
Осыған орай Алматы облысының прокуратурасы, аудандық төтенше жағдайлар, мемлекеттік санитарлық-қадағалау саласы мамандарымен бірлесіп, осы аймақтың Ескелді ауданындағы білім беру мекемелерінің жанынан ашылған лагерлерде балалар құқықтарының сақталуына, 2006-2010 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңінде балалар
мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және панасыз қалуының алдын алу заңдылықтарына тексеріс жүргізген.
Тексеру барысында мектеп жанындағы лагерлерге аудан бойынша барлығы 22 мектептен 1 мың 640 оқушының тартылғандығы анықталды. Алайда Алматы облысы мен басқа да қалаларға жазғы демалысты өткізу үшін лагерьлерге оқушылардың жолданбағандығы, пәндер бойынша салалық лагерьлер мен спорттық-сауықтыру лагерлерінің орналаспағандығын анықталды. Тіпті өрт қауіпсіздігі ережелеріне атүсті қараған Щестаков, Көктөбе, Жастар ауылындағы орта мектептердің шаруашылық жөніндегі орынбасарларына, 7 мың 65 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ «Жігер» палаталық лагерін тексеру барысында «Балалардың сауықтыру ұйымдарының құрылымына және жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» ережеге сай болмай шыққандығы анықталды.