Еліміздің көп бөлігінде жел соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, қар жаумайды деп күтілуде.

Тек елдің оңтүстік, оңтүстік батысында ғана ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Жер-жерлерде жел күшейіп, қар жауады. Тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/сек жылдамдықпен жел ұйытқиды. Кей жерлерде 28 м/сек-қа дейін жетеді. Облыстың кей өңірінде тұман түседі.

Жамбыл облысында да жел 15-20 м/сек жылдамдықпен соғады. Оңтүстік Қазақстанда тұман түсуі ықтимал. Ал Маңғыстау облысында көктайғақ болады.

Атырау, СҚО, күндіз Қызылорда облыстары және ШҚО-да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарланған ҚР ІІМ ТЖК ресми сайтында.