Еліміздің көші-қон заңдарының орындалуын тексерген прокуратура өкілдері 2 мыңнан астам заң бұзушылықтарды анықтады

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің көші-қон саласындағы заңдардың орындалуын тексерген прокуратура өкілдері 2 мыңнан астам заң бұзушылықтарды анықтады.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өміралиев мәлім етті.

Оның деректері бойынша, прокуратура өкілдері тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша, орын алған кемшіліктерді жою жөнінде құзырлы органдарға 129 ұсыным енгізген. Сондай-ақ 155 адамды түрлі қылмыстық жауапқа тартқан. «Бас прокуратура көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарының өзекті мәселе болып отырғандығына байланысты бұл проблеманы Заңның, құқықтық тәртіптің және қылмыспен күрес талаптарының сақталуы қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қарады»,-деді ресми өкіл.