«Жаңғырту аясында біз қызметкерлерді сапалы әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етуге ұмтылатын боламыз. Олар лайықты жалақы алып, кепілдендірілген тегін үймен, медициналық қызмет көрсетумен және жеткілікті зейнетақымен қамтылуы тиіс», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қызметкерлер арасында жыл сайын олардың қызметтік жағдайларын, ұжыммен, басшылықпен өзара қарым-қатынасын анықтау әрі қанағаттанарлық деңгейін нақтылау үшін сауалнама жүргізілетін болады.
«Ұсынылған шаралардың жиынтығы қызметкерлер жауапкершілігі механизмін күшейтуге, сонымен қатар өздерінің қатарындағы жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы және басқа да шаралар 2020 жылға дейінгі құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасында көзделген», - деді А.Шпекбаев.
Бөлім меңгерушісінің алға тартқан деректеріне қарағанда, соңғы 3 жылдың ішінде құқық қорғау құрылымдарын қаржыландыру көлемі 2 есеге ұлғайған.