Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2 баспасөз орталығы құрылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде екі баспасөз орталығы құрылды. Бұл туралы бүгін аталған ведомство төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің баспасөз орталықтарымызда көтеріліп, жария етілетін барлық мәселелердің тек қана тілшілер үшін ғана емес сонымен бірге оқырман мен көрермен үшінде де өзекті әрі қызықты болатындығына үміт артамыз. Сондықтан өзіміздің ашық екендігімізді және агенттігіміздің қызметі туралы сіздерді қызықтыратын барлық өзекті ақпараттарды ұсынуға дайындығымызды тағы бір мәлім еткім келеді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, агенттіктің және Жемқорлыққа қарсы іс қимыл Ұлттық бюросының жеке-жеке баспасөз орталықтары құрылған. Мемлекеттік қызмет істер агенттігі бойынша ресми өкіл болып Аслан Қалиахметов, ал Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы желісі бойынша Ақжан Рысалидинов тағайындалған.

А.Шайымованың айтуынша, агенттіктің аталған баспасөз орталықтарында қоғамды қызықтыратын барлық өзекті мәселелер бойынша апта сайын брифингтер ұйымдастырылатын болады.