деп хабарлады «Ұлттық кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Махаббат Бекбосынова pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы өңірлердегі кардиохирургиялық бөлімдерді дамытуға назар аударған болатын, соның арқасында бүгінде еліміздің барлық өңірінде кардиологиялық бөлімдер немесе кардиохирургиялық орталықтар бар. Ағымдағы қыркүйек айында Павлодарда кардиохирургия орталығы ашылады»,- деп хабарлады М.Бекбосынова өз сөзінде.
Маманның айтуынша, Ақтөбе мен Алматыда, Талдықорған, Семей және Петропавлда, Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында мұндай орталықтар жұмыс істеп жатыр.
«Мұндай орталықтардың құрылысы өңірлердегі тұрғындар үшін кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігін арттыра түседі», - дейді М.Бекбосынова.