Еліміздің республикалық маңызы бар бірқатар жолдары жабық

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жол қызметі күшейтілген режімде жұмыс атқаруда, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Үздіксіз қар жаууы және борандар тоқтамауы салдарынан Қазақстанның бірнеше аймақтарында автомобиль қозғалысы шектелді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел көмек көрсету мақсатында «Қазақавтожол» РМК мен Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдар комитетінің облыстық департаменттері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қар кептелістері пайда болған аймақтарға қосымша жол техникасы жіберіліп, кауіпті учаскелер ерекше қадағалауға алынды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, бүгін сағат 13.30-да республикалық маңызы бар мына жолдар жабық:

Ақмола облысы: Астана - Петропавл автожолының Астана - Щучье учаскесі (18-241 шақырым);

Екатеринбор - Алматы автожолының Астана - Астраханка учаскесі (1237-1128 шақырым);

Жақсы - Есіл - Бузлук автожолының Жақсы - Есіл учаскесі (0-64 шақырым).

Сондай-ақ, Астана қаласынан шығатын барлық бағыттарда жол қатынасына тыйым салынды.

Қарағанды облысы:

Қызылорда - Павлодар автожолының Жезқазған - Қарағанды учаскесі (137-252, 905-433 шақырым);

Екатеринбор - Алматы автожолындағы Теміртау - Астана учаскесі (1426-1353 шақырым);

Қызылорда - Павлодар автожолының Қарағанды - Павлодар облысы шекарасы учаскесінде (992-1135 шақырым);

Павлодар облысы:

Қызылорда - Павлодар автожолының Шідерті - Қарағанды учаскесінде (1206-1135 шақырым);

Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының Шідерті - Астана учаскесінде (259-205 шақырым).

Сонымен қатар, сағат 13.00-16.00 аралығында қар көшкінін алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Шығыс Қазақстан облысының Өскемен - Зыряновск автожолы (60-65) бойынша қозғалыс шектелді.

Құрметті республикамыздың қонақтары мен тұрғындары!

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 444-777. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

«Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:

Ақмола облысы /7162/ 77-10-15

Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39

Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95