Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы мен Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақ арасындағы құрылымданған диалог барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз сайлау заңнамаларына жақында ғана 32 қосымша енгізген болатынбыз. Осының өзі аз шаруа емес. Дегенмен сайлау заңнамаларына тағы да бірқатар өзгертулер енгізілуі мүмкін. Өйткені бізде қазір саяси партиялар мен депутаттардың, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірқатар ұсыныстары бар. Біз қазір оларды талдау үстіндеміз. Яғни, біз өзімізге келіп түскен ұсыныстарды міндетті түрде қарайтын боламыз», деді ОСК-ның мүшесі.