Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Сондай-ақ Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде. Оңтүстікте, батыс аймақтың кей бөліктерінде, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және еліміздің орталық өңірінде өрт қаупі жоғары болады.
27-28 маусым күндері күндіз Қарағанды облысында, 28 маусым күні Алматы облысының кей жерлерінде 41°C дейін қатты ыстық болады деп күтілуде. Ал Жамбыл облысында күн 43°C дейін ысиды.