Еліміздің солтүстігіндегі бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы күндері еліміздің солтүстігіндегі бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«5-6 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 6 маусымда Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Ауаның температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 10, күндіз 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін төмендейді.

5 маусымда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 10, күндіз 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.