Еліміздің солтүстік аймақтарында ет өндірісіне басымдық беріледі

None
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздің солтүстік аймақтарында ет өндірісіне басымдық берілетін болады.
Бұл туралы бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдастыруымен өткен кеңесте «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Марат Толыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, еліміздің осы саладағы басты тұтынушысы Ресей болмақ. Себебі, осы елдегі сиыр және қой еті өндірісінің деңгейі төмендеуде. Бірақ, аталған өнімді тұтыну көрсеткіші өсіп келеді. Жыл сайын Ресейдің импорттық қажеттілігі 300 мың тоннаны құрап отыр. «Қазіргі кезде Ресейдің Астраханнан бастап Новосібірге дейінгі облыстары біздің басты тұтынушыларымыз ретінде қарастырылуда. Осы аймақтардың етке деген жылдық сұранысы 100 мың тоннаны құрайтындығын ескерсек, Ресеймен шекаралас өңірлерде 20 кәсіпорын ашудың арқасында біз осы сұранысты толығымен қамтамасыз ете аламыз», - деді М. Толыбаев.