«1 қарашада Қостанай облысында, 1-2 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 2 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, батыс, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с қатты жел соғады, жел екпіні 28 м/с-қа жетуі ықтимал», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
19:45, 31 Қазан 2013
Еліміздің солтүстік өңірлерінде күшті жел және қар аралас жаңбыр жаууына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы күндері еліміздің солтүстік өңірлерінде күшті жел және қар аралас жаңбыр жаууына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.