Аталмыш мекеменің сайтында еліміздің солтүстік бөлігінде әлі де оқтын-оқтын жаңбыр жауады, бірақ 17 маусымға қарай күннің қызуы 22... 30º жетеді. Оңтүстік-шығыс аймақтарда да күн күркіреп, жаңбыр жауады, ауа температурасы 25... 30º дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ауа температурасы 27... 33º құрайды. Ал батыс облыстарда ауа температурасы 30... 38º дейін жетіп, тіпті кей жерлерде 41º болуы мүмкін, деп хабарланған.