Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында таңертең және түнде тұман болады деп болжануда.
Алматы облысының кейбір жерлеріне тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында секундына 18-23 метр жылдамдықпен оңтүстік шығыстан жел тұрады.