Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында күн суытады деп күтілуде

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – Мамырдың 22-сінде еліміздің шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады,

солтүстік-батыстан қатты жел соғады, температура 0-2 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында мамырдың 22-сіне қараған түні температура 0-5 градусқа дейін төмендейді.