«Бүгін біз «World Class» фитнес клубы желілерімен арада меморандумға қол қойдық. Осыған орай, алдағы уақытта осы орталықта фитнес саласының мамандарын оқыту, нұсқаушы дайындау қолға алынатын болды», - деді Е.Қанағатов.
Оның атап өтуінше, фитнес саласында жұмыс істейтін нұсқаушылардың біліктілігі жоғары әрі дене шынықтыру істерінің маманы болуы тиіс.
«Жалпы, Үкімет тарапынан спорт саласына зор көңіл бөлініп келе жатқанын білесіздер. Ал қазіргі таңда мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарымыздың тағы бірі бағыты - жекеменшік бизнес саласындағы спортты дамыту болып отыр», - деді ол.