Қауіп-қатерлердің бірі табиғи ресурстар қорының қысқаруына байланысты екеніне тоқталған Президент, «табиғи ресурстар қайта орны толтырылмай, таусылатыны белгілі. Сондықтан біздің еліміздің табиғи байлығына байланысты қарым-қатынасымызды қайта ойластыру маңызды. Оларды дұрыс басқарып, барынша тиімді пайдалану шарт», деді.
16:29, 14 Желтоқсан 2012
Еліміздің табиғи байлығына байланысты қарым-қатынасымызды қайта ойластыру маңызды - Президент
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану шарт. Бүгін «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.