Тап осы мәслихаттардың көмегімен азаматтар саяси-әлеуметтік мәселелерге өз көзқарастарын білдіре алады»,-дейді Астана қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов. Бұл пікірін ол бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Биліктің жергілікті өкілді органдарының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі» атты дөңгелек үстел отырысында білдірді.
Депутаттың сөзінше, Қазақстандағы ең бірінші сайлау 1994 жылдың 7-ші мамырында өтті және бұл сайлау Қазақстан тәуелсіздігінің орнауындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. «Сондай-ақ
бұл елімізді демократиялық бағытта басқару шарасының кезекті қадамы болды. Тап осы мәслихаттар арқылы қазақстандықтар билік қабылдаған шешімдерге шын мәнінде ықпал етуге мүмкіндік алды. Жергілікті атқарушы органдар қазіргі заманғы демократияның өзегі десе болады. Аталмыш органдарсыз азаматтық қоғам орнату туралы әңгіме қозғаудың өзі артық»,-деді депутат.
Оның пайымдауынша, толыққанды пісіп, жетілген азаматтық қоғамды тек жергілікті атқарушы орган қызметі арқылы орнатуға болады. «Сондықтан да бізде аталмыш билік тармағына деген көзқарас ерекше. Бұл ретте соңғы уақытта еліміздің тұрғындарының өздерінің азамат ретіндегі қажеттіліктерін мәслихаттар арқылы жеткізу жағдайларының артып келе жатқандығын атап өту керек»,-дейді М.Шекенов.