Атап айтқанда, Қостанай облысы аумағындағы боранға байланысты кешеден бері «Жезқазған-Петропавл» жолының 255-377 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Ақмола облысы аралығында жабық тұрған еді. Сағат 15:00-ден бастап бұл жолда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпті жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар Жамбыл облысында бүгін сағат 11:30-дан бері «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі ауылы мен ОҚО шекарасы аралығында жол жабылды. Сағат 15:50-де бұл жол ашылды.
Бұдан бөлек бүгін түсте ОҚО аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-611 шақырымындағы Жамбыл облысы шекарасы мен Ақбиік ауылы аралығында жол жабылды. Сағат 16:00-ден бастап бұл жолдағы көлік қозғалысы жанданды.