Қала әкімі Ерлан Айтахановтың айтуынша, техникалық және қысқа мерзімді оқытуға 5 201, жастар практикасына 3 492, әлеуметтік жұмыс орындарына 484, ақылы қоғамдық жұмыстарға 2 252 азамат жолданған.
«53 азаматқа шағын несиелер және 1 257 азаматқа мемлекеттік гранттар берілді. 14 935 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданған. Ағымдағы жылдың 1-інші сәуірінен бастап Елбасының тапсырмасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өзгерген. Осының есебінен қалада көмек алушар саны 4,5 есеге өскен. Бүгінгі күнге 50 794 отбасына, яғни 253,9 мың адамға 16,8 млрд теңге қаржы төленді», -деді Ерлан Айтаханов.
Шаһар басшысының сөзінше, аға буын өкілдерінің уақытын тиімді өткізу үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылған.
«Ол жерде, зейнеткерлерге спортпен шұғылдану, кітапхана, кинозал, емдеу бөлмелері қызмет көрсетеді. Келесі жылы орталықтың филиалдары қаланың басқада аумақтарынан ашылады. Одан бөлек, қайырымдылық қоры «Болат Өтемұратов» және қала әкімдігі бірлесіп қаламызда «Асыл Мирас» балалар аутизм орталығы ашылды. Орталықтың қызметі тегін және қолданылатын әдістеме шетелдің озық технологияларына негізделген»,- деді Ерлан Айтаханов.