Бұл шара «Үздік қалаушы» және «Үздік сылақшы» номинациялары бойынша өткізілді. Біліктілік пен шеберлікті сынға салған шараға қатысуға еліміздің барлық өңірінен 30-ға жуық азамат ниет білдірген. Байқау барысында барлық тапсырмаларды дұрыс орындаумен қатар қауіпсіздік шараларын сақтау және шығармашылық көзқарастары назарда ұсталды.
Қазылар алқасының шешімімен еліміздің үздік қалаушысы ретінде атыраулық Айжарық Ниязов танылды. Ал қарағандылық Нина Дерксен еліміздің үздік сылақшысы атанды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Әділжан Үмбет