деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттың сөзіне қарағанда, жағдайдың бұлайша қалыптасуы - кәсіптік-техникалық білім беруді дамытуға бағытталған нормативті-құқықтық базаның жетілмеуінен. «Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы» заңы мен өзге де нормативті құқықтық актілер жұмысшы кадрларды дайындау мен қайта дайындау жұмыстарын толық көлемде қамтамасыз ете алған жоқ. Сондай-ақ техникалық кәсіптік білім беруді ұйымдастыру ісінде жұмыс берушілердің жауапкершілігі толық қамтылмаған. Бұл іске жеке секторды тарту мәселесі де заңда көрсетілмеген. Соңғы уақытта кәсіптік-техникалық мамандық иелерінің мәртебесі көңіл толтырарлықтай емес. Соның салдарынан ол бүгінгі экономика талаптарына жауап бере алатындай деңгейде дамымай отыр», деді халық қалаулысы.
Оның пікірінше, жағдайдың бұлайша қалыптасуының өзіндік себебі де бар. Кәсіптік-техникалық білім алған жастар біздің елде өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмайды.