10 шілде күні басталған бұл дүбірлі додада қазақстандықтар 3-8 шілде күндері Швейцарияда өткен кезеңдегі нәтижені қайталады. Атап айтқанда, ерлер құрамасының үздігі Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 1/8 финалда нидерландықтарға есе жіберіп, 9-шы орынға табан тіреді. Сөйтіп, рейтингтік қорын 320 ұпайға ұлғайта алды.
Бұған дейін олардың командалас серіктері Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов дәрежелік сынның екінші кезеңінен сүрініп, 33-орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ әйелдер арпасында бақ сынаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова да осындай көрсеткіш көрсетіп, қос жұп та рейтингтік ұпай қорына 40 ұпай ғана қосқан болатын. Енді әлемдік турдың келесі кезеңі 16-21 шілде күндері Австрияда жалғаспақ. «A1 Grand Slam presented by ERGO GS» деген атпен өтетін бұл сайыста қазақстандықтардың Швейцария пен Германиядағы нәтижелерін жақсартуға мүмкіндігі бар.