Еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы аясында 8 негізгі ауылшаруашылығы саласы анықталды

АНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы аясында 8 негізгі ауылшаруашылығы саласы анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасының жедел индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Ауыл шарушалығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аталған салалар өнім өндірудің тереңдетілген жүйесіне бағытталған. Олардың ішінде астық өнімдері, ет,  жүн өнімдері мен тоқыма, сүт, майлы дақылдар, құс шаруашылығы, азық-түлік пен қант қызылшасының өндірісі бар. Жоспар бойынша, осы салаларда жүзеге асырылатын жобалар 800 -ден 2000-ға дейін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, 571 млрд. теңге көлеміндегі кіріске негіз бола алады.