30 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы,Грузия, Қытай, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 4 340 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 967 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 021 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 780 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 336 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 61 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 175 жолаушы.
Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
11:20, 01 Мамыр 2021
Елімізге 4,3 мың авиажолаушы келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға 9 мемлекеттен 4 340 авиажолаушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.