11 мамырда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Украина, Грузия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 3 142 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 783 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 764 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 275 жолаушы;
- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 320 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.