деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, делегация құрамына Бразилияның авиация, тау-кен өндірісі, энергетика, металлургия, телекоммуникация, медицина, химия, жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ аграрлық сектор салаларында жұмыс істейтін 40-тан астам бразилиялық кәсіпкерлер кіріп отыр.
«Бразилиялық делегацияның сапары барысында біздің еліміздің мемлекеттік органдарының және іскер топтарының өкілдерінің қатысуымен бірлескен бизнес-форум өтеді. Онда мақсаты қазақстандық және бразилиялық бизнесмендер арасында тікелей байланыстар орнату болып табылатын секциялық дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр», деді І. Омаров.