Елімізге Жапонияның парламенттік делегациясы сапармен келеді
17:55, 01 Қыркүйек 2010
СТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізге Жапонияның парламенттің делегациясы сапармен келеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.
Оның атап өтуінше, қыркүйектің 2-сі күні ТМД елдерімен танысу турнесі аясында Қазақстанға Жапония Парламентінің Өкілдер палатасы Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мунеэ Судзуки бастаған делегация келмек.
«Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде парламентаралық желі бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау үшін біздің еліміздің ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіледі», деді І.Омаров.