Бұл туралы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл сайынғы «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» республикалық форумының аясында өткізілген іс-шараның басты мақсаты - өз ауданының қалыптасуы мен жүйелі дамуына, сол арқылы тұтастай тәуелсіз Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосқан аудан тұрғындарының жетістіктерінің тарихын айқындап, көрсету болды.
Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында бейбіт күннің батырлары санатында - «Құрмет белгісі» ордені иегері, Қаражал қаласының Құрметті азаматы Оңал Шайхин, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қаражал қалалық филиалының төрайымы Валентина Сычева, Тілдерді дамыту мен мәдениет бөлімінің бас маманы Шолпан Жұмабаева, «Жайрем» кен байыту комбинаты» АҚ жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасы Асхат Солтыбаев, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Ақжол Құрмансейітов, Дзюдодан Азия чемпионы, Еуропа кубогының иегері, Қаражал қаласының мақтанышы Артем Ким болды.
«Қазақстаннан екінші Отанымды тапқаным үшін де тағдырыма алғысымды айтамын, осы жерде балаларым өсіп, білім алып, жетіліп, өз ғұмырларын Қазақстанның тағдырымен байланыстырды, қоғамның пайдалы азаматы болғандығы да Қазақстанда өз өмірінің қожасы болуды қалайтын адамның өзін өзі жетілдіріп, көрсетуге барлық жағдай жасалған, - деді В Сычева. - Осының бәрінде де бар саналы ғұмырын Қазақстанды, ондағы халықты, болашағын көркейтіп, гүлдендіруге арнаған көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі жатыр».
«Мен қайта құру жылдары және тәуелсіздік алып, басқарудың жаңа механизміне ауысып жатқан кезеңдегі жастардың өкілімін. Ата-анам сол кездердің ауыр қиын кездерін еске алады, жалақы төленбей, дүкендегі азық-түлік сөрелері босап, КСРО-ға жететін шикізат базасының өндірісі тоқтап, қирап қалған еді. Осындай бұралаң жолдардан өтіп, бүгінге жеткен мемлекетіміз жүйелі соқпақты тапты, халықтың көз алдында қарттармен қатар, жастар үшін де жарқын болашақтың кепілі айқындалды», - деді өз сөзінде Асхат Солтыбаев.