Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Э.Паули 2021 жылы президенттік Жастар кадрлық резервіне қабылданды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
Әр жылдары Элина Паули ҚР АҚДМ қоғамдық жаңғырту департаменті, Жастар және отбасы істері комитетінде қызмет етті.
Фото: t.me/aqparatqogam
Сонымен қатар ол «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды, 2022 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Айта кетейік, «Қоғамдық келісім» РММ-этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты; этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
Басты фото: gov.kz