Елисей сарайы «Пари Сен-Жермен» командасын қабылдады

Скриншот: x.com/Elysee

АСТАНА.KAZINFORM — Еуропалық клубтық футболдың бас жүлдегері «Пари Сен-Жермен» жексенбі күні Парижге келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Күндіз футболшылар сенбі күні жаппай наразылық пен полициямен қақтығыс болған Францияның ең әйгілі көшесі — Елисей алаңына барды.

Франция президенті Эмманюэль Макрон жексенбі күні «Пари Сен-Жермен» футбол командасын Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісімен құттықтау үшін президент сарайында қарсы алды. Макронмен кездесу алдында ПСЖ ойыншылары төбесі ашық автобуспен Елисей алаңын аралады.

Алдыңғы күні Мюнхенде өткен турнирдің финалында команда «Интерді» 5:0 есебімен жеңген болатын.

Сонымен қатар, сенбі күні елде команда жеңісін тойлау кезінде екі адам қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, Дакс қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталып өлтірілген.

ПСЖ жеңісін тойлау кезінде скутерін көлік соғып, тағы бір әйел қайтыс болды. Екі өлімге қатысты тергеу амалдары басталды.

Францияның ішкі істер министрлігі де Парижде 18 полиция қызметкерінің жараланғанын және жүздеген адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Эмманюэль Макрон Елисей сарайындағы командамен кездесуде ПСЖ жеңісін тойлау кезінде орын алған оқиғаларды айыптады.

«Соңғы бірнеше сағатта болған оқиғаны ештеңе ақтай алмайды, қатты қақтығыстарға жол берілмейді», — деді ол команданы құттықтамас бұрын.

Айта кетейік, Францияда криптовалюталық бизнесмендерді ұрлау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды.