Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өткенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Елисей сарайының орталық кіреберісінен Президент Эмманюэль Макрон күтіп алды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қарсы алу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар, Kazinform тілшісі Қазақстан мен Франция қарым-қатынасының нығаюын жан-жақты қамтып көрді.

Фото: Ақорда