29 наурыз күні өткен қысқа бағдарламада Элизабет 65.48 ұпай жинаған болатын.
Қысқа бағдарламада ол 10-шы орын алса, еркін бағдарламада 8-ші орын иеленді. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 191,99 ұпаймен 9-орын алды.
Әлем чемпионатында ресейлік Евгения Медведева жеңімпаз атанды. Ол қос бағдарлама бойынша 233,41 ұпай жинады. Күміс медальды канадалық мәнерлеп сырғанаушы Кэйтлин Осмонд иеленді. Ол қос бағдарламада 218,13 ұпайға ие болды. Қоланы да канадалық спортшы Габриэль Дэйлман (213.52) жеңіп алды.
Элизабет Тұрсынбаева қыздар арасындағы жекелей сын бойынша алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр. Осыған дейін еліміздің атынан төртжылдықтың басты додасына бірде-бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ару қатыспаған.