Қысқа бағдарламадан кейін спортшы 61,63 балл жинап, 12-ші орынды иеленді. Еркін бағдарламада Э. Тұрсынбаева 121,99 балмен 10-шы нәтиже көрсетті. Жалпы қорытынды балл - 183,62.
Бұл мәнерлеп сырғанаушының ересектер арасындағы әлем біріншілігіндегі дебюттік жарысы екенін атап өткен жөн.
2016 жылғы әлем чемпионы ресейлік Евгения Медведева (223,86) болды, күмісті АҚШ-тан келген Эшли Вагнер (215,39) алды, үшінші орын да ресейлік - Анна Погорилаяға (213,69) бұйырды.
Еске салсақ, 2016-ӘЧ-де Қазақстан атынан Денис Тен шықты. Ол 11-орынды иеленді. Қысқа бағдарламада соңғы орын алған Дарын Жүнісов пен Анастасия Хромова жұбы баллдары жетпей, еркін бағдарламада өнер көрсете алмады.