Қысқа бағдарламада 70,95 ұпай жинаған Тұрсынбаева еркін бағдарламаны бірінші орынмен аяқтады. Ол еркін бағдарлама қорытындысы бойынша әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Елизавета Туктамышевадан да озып кетті.
Сондай-ақ, Тұрсынбаева өз мансабында тұңғыш рет 70-тен асырып ұпай жинап отыр.
Жалпы есепте 200,74 ұпай жинаған Элизабет биылғы маусымдағы екінші күмісіне қол жеткізді.
Finlandia Trophy, Эспоо.
Қорытындысы есеп:
1. Елизавета Туктамышева (Ресей) - 202.85
2. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) - 200.74
3. Вивека Линдфорс (Финляндия) - 187.19
Еркін бағдарлама:
1. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) - 129.79
2. Вивека Линдфорс (Финляндия) - 129.50
3. Елизавета Туктамышева (Ресей) - 129.02
Айта кетейік, биылдан бастап Э.Тұрсынбаеваны ресейлік бапкер, Олимпиада чемпионы Алина Загитованың бапкері Этери Тутберидзе жаттықтыруда.