АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағы 2018/2019 жылғы маусымға арналған Гран-при турнирлерінің кестесі мен қатысушыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды. Ол 26-28 қазан күндері өтетін Scate Canada турнирінде бақ сынайды.
Сондай-ақ, Элизабет Ресейде өтетін «Ростелеком» кубогында да жүлдеге таласып көрмекші.
Келесі маусымда Гран-при турнирі алты мемлекетте өтеді деп жоспарланған. Еске сала кетейік, Тұрсынбаева жаңа маусымды жаңа бапкердің қоластында бастайды. Қазақстандық спортшыны канадалық Брайан Орсер жаттықтырып жүр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.