Турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Америка құрамасы - 892,42 балл нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орында Еуропа командасы - 848,06, үшінші орында - Азия командасы (820,22).
Турнирде Азия құрамасы атынан шыққандар: жапондық Рика Хонго, Сатоко Мияхара мен Қазақстаннан Элизабет Тұрсынбаева (әйелдер, жекелей сырғанау); қытайлық Цзинь Боян, жапондық Сёма Уно мен қазақстандық Денис Тен (ерлер, жекелей сырғанау); қытайлықтар Ван Сюэхань/Ван Лэй мен жапондықтар Сумире Суто/Франсис Будро-Оде (жұп); корейліктер Ребека Ким/Кирилл Минов пен қытайлық Шиюэ Ван/Синьюй Лю (би).