Қысқа және еркін бағдарламалар бойынша спортшы қызымыз 156,19 нәтижесін көрсетті. Қазақстандық тағы бір мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова 23 қатысушының арасында 20-сыншы (121 балл) болды.
Алғашқы үш орынның барлығы жапондық спортшыларға бұйырды. Атап айтқанда, «алтын» - Каори Сакамотода (214.21), «күміс» - Мия Михарада (210.57), «қола» - Сатоко Мияхарада (207.02).
27 қаңтар күні еркін бағдарламада Денис Тен мен Абзал Рақымғалиевтер өнер көрсетеді. Еске салайық, мәнерлеп сырғанаушы ер азаматтарымыз қысқа бағдарламада - Тен -11, Рақымғалиев 21-інші орын алған болатын.